Ауылды елді мекендерді медициналық қызметпен қамтамасыз ету үшін жылжымалы 100 медициналық пункт сатып алынды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Үкімет отырысында айтты.
«11 аймақтағы аудандар үшін отандық өндірістен шыққан қосымша 51 бірдей рентген аппараты сатылып алынады. Жедел жәрдем қызметін 1 667 санитариялық автокөлікпен қамтамасыз ету көзделген. Ауылдық елді мекендерді медициналық қызметпен қамтамасыз ету үшін жылжымалы 100 медициналық пункт сатып алынды. Олардың бәрі де осы жылдың қазан айының ортасына дейін жеткізіледі», – деді Алексей Цой. Еске сала кетсек, бұған дейін Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елде коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу үшін Үкіметке бірқатар шара қабылдауды ұсынған болатын.
zhaikpress.kz