30.09.2020, 11:30
Оқылды: 3

Батысқазақстандық оқушылар «IQANAT» олимпиадасынан жүлделі оралды

Ауыл мектептерінің оқушыларына арналған IQanat республикалық бағдарламасы – қазақстандық меценаттардың білім беру саласындағы жобасы. Бағдарлама мақсаты – ауыл мектептерінің оқушыларын іргелі, ұлттық оқу орны және шетел университеттеріне түсулері үшін қолдау, ынталандыру. Бағдарламаға Қазақстан аймақтары бойынша іріктеу кезеңдері, сондай-ақ еліміздің және шетел бастаушы жоғары оқу орындарына грант және стипендиямен түсулеріне қолдау көрсету кіреді.

Umit (1)

2018 жылы іріктеу кезеңде екі мыңға жуық окушы бақ сынап,  солардың 55-і үшінші кезеңге жолдама алған болатын. Оқушылар математика, физика, ағылшын тілі, «Эрудит» эссе конкурсы сынды төрт пәннен бақтарын сынай алады. Аталмыш олимпиада өңіріміздің 12 ауданында екі жыл бойы өткізілді, бірінші және екінші кезеңдер аудан орталықтарында өткізілсе, үшінші қорытынды кезең былтыр Астана қаласында өтсе, биыл Қапшағайда өтті.

Umit (2)

Екі жылдың қорытындысы бойынша 30 оқушы Бурабайдағы халықаралық стандартпен салынған мектепте білім алуда. Биыл 1351 окушы қатысып, соның 48-і үшінші кезеңге жолдама алды. Қапшағай қаласында өткен қорытынды кезеңде математика пәні бойынша Кеңтүбек жалпы орта білім беретін мектебінің оқушысы Альбина Хасанова ІІІ орын алса (оқытушы Рысты Суюнгараева), Бөрлі жалпы орта білім беретін мектебінің оқушысы Дильшат Айтқалиева  ІІ орын иеленді. Олимпиада қорытындысы бойынша математика пәні бойынша БҚО командасы «Үздік команда» номинациясының жеңімпазы болып танылды.

Umit (3)

Сонымен қатар Қаратөбе ауданының Мұхит жалпы орта білім беретін мектебінің оқушысы Фатима Аманбаева мен Шыңғырлау ауданының Л.Клышев мектебінің  оқушысы Лаура Шынгужиева жүз үздік оқушы қатарына ілікті.

Umit (4)

Үміт Жәңгірова,

БҚО білім басқармасының баспасөз хатшысы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале