2.10.2020, 14:50
Оқылды: 49

Шыңғырлау аудандық  халықтық «Шаңырақ» театры жеңімпаз атанды

Таяуда Батыс Қазақстан облыстық халық шығармашылығы орталығында актер, режиссер Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының көркемдік жетекшісі Данияр Базарқұловтың ұйымдастыруымен онлайн форматта «Режиссерлер марафоны» өткізілді. 

IMG-20200928-WA0016

 Өңірдің алты ауданы арасында өткізілген сайысқа Шыңғырлау аудандық  халықтық «Шаңырақ» театры да қатысып, І орынды қанжығасына байлап қайтты.

Үш күнге созылған марафонның бірінші күні Нұр-Сұлтан қаласының музыкалық балалар мен жасөспірімдер театрының директоры Асхат Маемировпен шеберлік сағаттары өткізілсе, екінші күні режиссерлар арасында сахна қойылымдары төңірегінде өзара талдау жасалып, түстен кейін Данияр Базарқұловпен онлайн кездесуде берілген пьеса талқыланған. Марафонның соңғы күні жеңімпаздар сертификаттармен марапатталды.

Талқылауға берілген пьеса-белгілі жазушы-драматург, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Рахымжан Отарбаевтың «Абай-сот» пьесасы болатын. Режиссерлер, актерлар арасында қойылымның қалай өтетіндігі, реквизиттер, пьесаның жалпы суреті туралы өз ойларын ортаға салды. Осы орайда аудандық театрымыз бас жүлдені иеленіп, аталмыш пьесаны облыстық дәрежеде қоюға мүмкіндік алғанын сүйіншілеп айтуға болады. Ал, топ жарған шыңғырлаулық Жалғасбек Мырзагереев «Үздік режиссер» атанды. Пьеса көрермен назарына қараша айына таман ұсынылады деп жоспарланып отыр.

 

Айбарша Лекерова,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале