Елімізде коронавирусты анықтайтын ПТР тесттен өту ақысы арзандайды. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлім айтып өтті.
Министрдің айтуынша, мамандарды даярлау арқылы отандық зертханалардың қуатын тәулігіне 63 мың зерттеуге дейін жеткізу көзделген. «Шығын материалдары бағасының нарықта арзандауына байланысты Денсаулық сақтау министрлігі ПТР-тест тарифін 22 пайызға дейін арзандату бойынша ұсыныс әзірледі. Сонымен қатар жеке қорғаныс құралдары мен тест-жүйе арзандады. Ұсыныс мақұлданса, осы айдың соңына дейін тариф бекітіледі», – деді Алексей Цой.
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер