20.10.2020, 20:47
Оқылды: 58

Орал қаласының әкімі «Жасыл ел» еңбек жасақтарының жұмысын қорытындылау шарасына қатысты

Бүгін Деркөл кентіндегі  «Деркөл» мәдени-демалыс орталық саябағында «Жасыл ел» еңбек жасақтарының жұмысын қорытындылау шарасы өтті. Оған қала әкімі Абат Шыныбеков қатысты.

47A7016A-9A59-45D3-A746-431B6B276CF2

Қала әкімі алдымен жылдар бойы күтімсіз қалған саябақты аралап, қолға алынған жөндеу жұмыстарын көріп, болашақта атқарылатын жұмыстармен танысты. Саябақ аумағында жаңадан футбол ойынына арналған спорт алаңы салынып, «Жасыл ел» құрылыс жасағының жеміс бағы ашылды. Алғашқы жеміс көшетін егуге атсалысқан қала әкімі Абат Шыныбеков барша жасылелдіктерді кезекті еңбек маусымының жабылуымен құттықтап, сәттілік тіледі.

-  Құрметті жасылелдіктер, сіздерді биылғы «Жасыл ел» еңбек жасағының жабылу салтанатымен құттықтаймын! Әлемді әбігерге түсірген пандемияға қарамастан жастар мен студенттер өз белсенділіктерін танытты. Біраз қиындықтар болғаны рас. Соған қарамастан сіздер туған қаламыздың гүлденуі мен көркеюіне, көгалдандыру жұмыстарына өз үлестеріңізді қостыңыздар. Үш ай жазда саябақтарымыз ажарланып, гүлзарларымыз көркейіп, қаламыздың тазалығына үлкен үлес қостыңыздар. Сіздер өзге жастарға үлгісіздер, - деді қала әкімі Абат Абайұлы.

00E38936-BE73-47DF-AA27-A430F20A6A0E

Бұдан кейін Деркөл кентіндегі Молодежная көшесіндегі жөндеуден өткен көшені аралап, жаңадан салынған балалар ауласының ашылуына қатысты.

524D0D05-1E47-4937-91F2-59A63F1794E9

 Ләззат Шағатай,

zhaikpress.kz

Суретке түсірген Эльвира Меңдіғали

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале