23.10.2020, 10:45
Оқылды: 59

"Ауыл дамымай, мемлекет дамымайды

Бұл туралы ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

5E9AC530-01A3-492E-8E1D-3A53DDEF31B7

«Қазақстан халқының 41 пайызын ауыл тұрғындары құрап отыр. Ауылдық экономикалық, демографиялық және мәдени әлеуеті зор. Сондықтан бүгін талқыланып отырған мәселе мемлекетіміздің ары қарай дамуы үшін үлкен маңызға ие. Шын мәнінде ауыл дамымай, мемлекет дамымайды. Соңғы жылдары Қазақстанда ауылдық аумақтарды тиімді дамыту үшін маңызды қадамдар жасалуда. 2019 жылдан бастап «Ауыл – Ел бесігі» жобасы іске асырылып келеді. Дегенмен бүгінде жағдай түбегейлі жақсарып кетті деп айта алмаймыз. Қазіргі кезде елімізде 6322 ауыл бар. Ұлттық экономика министрлігінің бағалауы бойынша оның 3,5 мыңында немесе 56 пайызында ғана дамуға қажетті әлеует бар», - деді М. Әшімбаев Сенаттағы ауылдық аумақтарды дамыту жөніндегі парламенттік тыңдауда. Оның сөзіне қарағанда, ауылдар әлеуметтік әрі тұрмыстық жайлылық инфрақұрылым жағынан артта қалып отыр. Әлі күнге дейін ауыз суды тасып ішетін ауылдар бар. «Ауылдардың 69 пайызы интернетке қосылған деген ақпарат бар. Бірақ интернет бар жерлердің өзінде байланыс сапасы сын көтермейді. Әр бесінші ауылда білім беру нысандары жөндеуді қажет етеді. Денсаулық сақтау мекемелерінің де жағдайы мәз емес, олардың үштен біріне жөндеу жұмыстарын жүргізу керек. Кадр тапшылығы да үлкен мәселе», - деді Мәулен Әшімбаев.

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале