27.10.2020, 11:11
Оқылды: 39

БҚО-да үй өртеніп, газдан уланған әйел қаза болды

Батыс Қазақстан облысында тұрғын үй өртеніп, газдан уланған әйел қаза болды, деп хабарлайды ҚазАқпараттың БҚО-дағы тілшісі.

843D7381-6DBA-4CC4-9195-91D5B0B9FC8F

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 27 қазан күні Жәнібек ауданы Жәнібек ауылында болды. Сағат 02.12-де Ш.Шарафутдинов көшесі 5/2-мекенжайында өрт болып жатқаны жөнінде хабар түскен. Екі пәтерлік үйдің бір бөлігі (25 шаршы метр) жанған. 37 жастағы әйел газдан улану белгілерімен ауруханаға жеткізілгенімен, есін жия алмай, қайтыс болды. Атап өтетін жайт, 16 жастағы қыз өрт сөндірушілер жеткенге дейін өзінен кіші үш бауырын терезеден шығарып алған. Өрт сөндірушілер үйдің екінші бөлігін аман алып қалды. Алдын ала болжам бойынша от электр жабдығын дұрыс пайдаланбаудан шыққан. Өрт сағат 03.56-да оқшауланып, 04.29-да толықтай сөндірілді. БҚО ТЖ департаменті тұрғындарға қарапайым өрт қауіпсіздігі ережелерін бұлжытпай орындау және өрт шыға қалған жағдайда абыржымай, бірден өрт күзетін шақыру қажеттігін ескертеді.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале