Кеше Қадыр Мырза Әли атындағы облыстық мәдениет және өнер орталығында ақын, Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің Халықаралық одағының БҚО бойынша филиалының басшысы Бауыржан Халиолланың төрағалығымен Батыс Қазақстан облысы айтыскерлерінің басқосуы өтті.

Жиында орталық басшысы, ақын Бауыржан Халиолла 2-7 қараша күндері елордасы Нұр-Сұлтан қаласында өтетін IX республикалық "Алтын домбыра" айтысына қатысып, облыс намысын қорғағалы отырған белгілі айтыс ақындары Жансая Мусина, Талғат Мықи, Бауыржан Ширмединұлына жеңіс тіледі.

Шара барысында ақжайықтық жас ақын Мейірман Шәкенов пен қаратөбелік Райымбек Өтеповке Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің Халықаралық одағының мүшелік билеті табысталды.
Шарада айтыс ақындары өзара қайымдасып айтысты.
Ертай Бимұханов,
zhaikpress.kz