29.10.2020, 15:07
Оқылды: 49

Президент тәртіп сақшыларының еңбекақысын 30 пайызға көтеруді тапсырды

Ішкі істер органдарының қызметкерлеріне сыйақы төлеуге жыл соңына дейін тағы да 11,5 миллиард теңге беріледі. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті.

E06E30E9-E324-41C0-8758-AB6F1CA08EBF

Ведомствоның алқа мәжілісінде Қасым-Жомарт Тоқаев ішкі істер саласы қызметкерлерінің еңбекақысы төмен екенін айтты. Осыған орай ол Үкіметке 3 жылдың ішінде тәртіп сақшыларының еңбекақысын 30 пайызға көтеру туралы тапсырма берді. Президент барлық мемлекеттік басқару жүйесіне үлкен сынақ болған COVID-19 пандемиясы кезінде полиция қызметкерлерінің ерекше еңбегін атап өтті.

«Қазіргі жағдайда дәрігерлермен қатар алғы шепте полиция қызметкерлері де жүр. Өйткені азаматтардың қауіпсіздігі ғана емес, олардың денсаулығы мен берекелі өмірі сіздердің жұмыстарыңызға тікелей байланысты. Сондықтан бүгінгідей күрделі жағдайда мемлекет індетке қарсы тұрғандардың барлығын қолдайды. Менің тапсырмам бойынша пандемияның бірінші кезеңінде карантин шараларын қамтамасыз етуге қатысқан ішкі істер органдарының қызметкерлеріне сыйақы төлеуге 6,6 миллиард теңге бөлінді. Жыл соңына дейін тағы да 11,5 миллиард теңге беріледі», – деді Мемлекет басшысы. Президент сөз соңында жоғарыда аталған міндеттерді толық орындау қажет екенін айтып, ІІМ бұл жұмысты абыроймен атқаратынына сенім білдірді. Алқа мәжілісінде Президент Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, заңға сәйкес, азаматтарға және жалпы мемлекетке қауіп келтірмейтін қылмыс жасаған адамдарға амнистия жасалатынын жеткізді.

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале