Сырым аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Қайсар» спорт клубы жанынан ат спорты үйірмесі ашылып, жұмысын бастағанына екі айдың жүзі болды.
– Үйірмеге 5 жылқы "Уса" шаруа қожалығынан жалға алынды. Аптаның сәрсенбі және сенбі күндері сағат 15:00-17:00 аралығында Өлеңті спорт алаңында "Қайсар" спорт клубының әдіскері атқа мінгісі келетіндерді қарсы алады. Бүгінде ат спорты үйірмесіне қызығушылығы бар 12-13 адамнан келеді. Жылқы мінезді қазақтың ішінде жануарды жақсы көрмейтіні жоқ шығар. Жаңадан атқа мініп үйренем дегендерге де әдіскеріміз атты жетектеп жүріп үйретеді,– дейді "Қайсар" спорт клубының директоры Ерболат Мұқанов.
Шынар Молданиязова,
Сырым ауданы
zhaikpress.kz