3.11.2020, 20:12
Оқылды: 14

Жаяу жүретіндерге айына 100 доллардан берілетін болды

Өзбекстанда жаяу жүретіндерге 100 долларға дейін төлемақы беріледі. Тиісті жарлыққа ел президенті Шавкат Мирзиёев қол қойған. Бұл туралы парламенттік "Халық сөзі" газеті жазады. Бізді көрші мемлекетте қолға алынған бастаманың қалай жүзеге асатыны қызықтырды.

FDE75AAF-F8A7-4E68-9AC1-A1ECA8BD9F3B

«18 жастан асқан адамдар күндізгі уақытта он мың немесе одан да көп қадам жасаса, электрондық әмиянына үш мың сом (0,3 доллар шамасында) салынады», – деп жазылған басылымда.

Ай сайын қала тұрғындары арасында ең көп жүретіндерге шамамен 30 доллар, ал облыс тұрғындарына 50 доллардан төленеді. Елдегі үздіктер, шамамен, 100 доллар алады.

Жаяу жүру нәтижелерін есептейтін арнайы сайт жасалады. Денсаулыққа зиян өнімдер өндірушілері үшін арнайы алым енгізіліп, тұрғындарға салауатты өмір салтын насихаттағаны үшін сыйақы осы қаражат есебінен төленеді. Мұндай тауарлардың тізімі жазылмаған.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале