Батыс Қазақстан облысында жол апатынан 25 жастағы жігіт мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпараттың БҚО-дағы тілшісі.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 5 қараша күні сағат түнгі 00.10 шамасында Бөкей ордасы ауданы орталығы Сайқын ауылында болды. 22 жастағы жүргізуші орта дәрежелі мас күйінде «Ауди-80» автокөлігінің руліне ие бола алмай, көшеде жол-көлік оқиғасын жасаған. Ол қарсы бетке шығып кетіп, 26 жастағы жүргізушінің басқаруындағы асфальт төсейтін «SUPER 1600-2» автокөлігімен соқтығысуға жол берген. Жол апаты салдарынан «Ауди-80» автокөлігінде болған 25 жастағы жігіт оқиға орнында көз жұмды. Көптеген жарақат алған жүргізушінің өзі аудандық ауруханаға жатқызылды. Қазіргі кезде ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
zhaikpress.kz