Бүгін Батыс Қазақстан облыстық кәсіподақтар орталығының мамандары Орал қаласындағы Халыққа қызмет көрсету орталықтарына барып, ондағы карантиндік талаптардың сақталу тәртібіне бақылау жасады.
Орал қаласында дәл қазіргі таңда жұмыс жасап жатқан 4 Халыққа қызмет көрсету орталықтарында болған мониторингтік жұмыстар нәтижесінде карантиндік шаралардың бұзылу фактілері байқалмады.
ХҚК мекемелерінің тіркеу бөлімдерінде антисептик ерітіндісі құйылған құтылар қойылған, кіріберісте байланыссыз дене температурасын өлшейтін құрылғылар мен ақпараттық ескертпе нұсқаулықтары ілінген. Эпидемиологиялық шараларды қатаң ұстану мақсатында халыққа қызмет көрсету орталықтарының көп қызметтері электронды терезелер мен өз-өзіне қызмет ету үстелдерінде орындалуда.
«Елімізде жарияланған төтенше жағдай кезінен бастап өзінің жұмысын онлайн қызмет жүйесіне ауыстырып үлгерген халыққа қызмет көрсету орталықтары қанша жерден онлайн қызмет ұсынғанымен, тікелей келуші тұрғындардың көп екендігі, бұл орайда, мекеме күзетінің жұмысы келуші халыққа әлеуметтік арақашықтықты сақтау ескертпесімен еселенгендігі байқалды», - дейді, БҚО кәсіподақтар орталығының маманы.
«БҚО кәсіподақтар орталығы» АКБ