9.11.2020, 12:40
Оқылды: 80

Жаңақалада басылымдарға жазылу науқанына орай жиналыс өтті

Рухани орталықтың мәжіліс залында 2021 жылдың І жартыжылдығына газетке жазылу науқанына қатысты жиналыс өтті. Аталмыш шараға "Жайық Пресс" медиахолдингінің бас директорының бірінші орынбасары Ғайсағали Сейтақ және облыстағы төрт ауданның арнаулы тілшісі Нұрбек Оразаев арнайы қатысты.

IMG_4223

Аудан әкімінің орынбасары Ақнұрлы Еслямғалиева, аудан орталығындағы мектептердің директорлары және ауылдық округ әкімдері мен мекеме басшылары қатысқан жиналыста аудандық "Жаңарған өңір" газеті және облыстық "Орал өңірі", "Приуралье" газеттеріне жазылуға қатысты мәселелер айтылды.

- Газеттің берер пайдасы мол екенін өздеріңіз жақсы білесіздер. Соңғы уақытта жазылым саны төмендеп кеткені жасырын емес. Әлеуметтік желі деген бар, ол да әсер етуде. Адамдардың біраз бөлігі соған қарай бет бұрып кетіп жатыр. Оны білесіздер. "Газеттің өзі бір күндік болғанмен, сөзі мың күндік" деген тәмсіл бар. Өйткені газетке шыққан сөз сол қалпында қалады. Балталасаң да бұзылмайды. Сол себепті аудандық "Жаңарған өңір" газетіне және облыстық "Орал өңірі", "Приуралье" газеттеріне жазылуға шақырамын. Сіздердің тараптарыңыздан қолдау болса, жазылым санын арттырамыз деген сенімдемін, - деді Ғ.Сейтақ.

IMG_4246

Ұсыныстар мен пікірлер айтуға сөз кезегі берілгенде ауданымыздағы маңдайалды білім ошағының бірі қазақ мектебінің директоры Алихан Декартұлы өзінің ұсынысын айтты.

Төрт ауданның арнаулы тілшісі Н.Закарияұлы да газеттің пайдасы мен өзектілігіне тоқталып, жиналған жандарды газетке жазылуға, барынша қолдау білдіруге шақырды.

Аудан айнасы "Жаңарған өңір" қоғамдық-саяси газетінің директор-редакторы Алтынбек Ермекқалиев газеттің бүгінгі жай-күйіне тоқталып, алдағы уақытта тұрақты айдарлар бойынша жұмыстантындығын және жаңалықтың жаршысы болып жүрген төл газетіміздің жалауын түсірмейтіндігін тілге тиек етті.

Жанайдар Болатбекұлы,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале