11.11.2020, 12:29
Оқылды: 42

«Сәттілік марафоны» кезекті жылын аяқтады

Қазақстанда «Сәттілік марафоны» – Shell LiveWIRE бағдарламасы аясында ісін жаңадан бастаған және жұмысы жүріп жатқан кәсіпкерлерге арналған кезекті тегін оқыту бағдарламасы бар жоба мәресіне жетті... Оның ұйымдастырушысы – Еуропалық қайта құру және даму банкімен (ЕҚДБ) бірге «Шелл Қазақстан» компаниясы. Жобаның басты мақсаты – кәсіпкерлердің басқарушылық білімі мен дағдыларын дамыту, жергілікті халықтың өзін-өзі жұмыспен қамтуына көмектесу, сонымен бірге бизнесті жүргізудің бәсекеге қабілеттілігі мен тиімділігін арттыру.

Banner_Shell_Kz

Оқу бағдарламасына 168 өтінім келіп түскен. Оның ішінде айрықша жігерлі 73 қатысушы оқуға шақырылып, екі айлық бағдарламаның нәтижесінде 33 бизнес-жоба іске қосылды. Оқудан өту мүмкіндігіне елдегі төрт қаланың – Нұр-Сұлтан, Ақтау, Атырау және Оралдың кәсіпкерлері ие болды.

Оқу бағдарламасының барлығы бес бөлікке (модульге) бөлінген. Әуелі қатысушыларға бизнес-идеяның өзін тауып, таңдап алу керек болды. Артынша оларға қаржылық модельді әзірлеу жүктелсе (бизнесті қалайша тиімді ету керек), келесі модуль істі басқаруға арналды, содан кейін қатысушылардың алдында өз жобаларын қорғау міндеті тұрды, ақырғы модуль цифрландыруға арналды.

Ұйымдастырушылардың мәлімдеуінше, оқу бағдарламасы қатысушыларының бәрі де бизнес жүргізудің теңдессіз тәжірибесін ала алады. Сонымен бірге оқу барысының өзінде кәсіпкерлер бизнес жоспар әзірлеп, басқа да бағдарламалар аясында гранттық қаржыландыру алу үшін соны пайдалана алады.

Қатысушылардың өздерінің атап өтуінше, олардың бизнесін дамытудың бастапқы кезеңінде кәсіпкерлер үшін келешекте қаржыландыруды тартуға сөзсіз көмектесетін қажетті барлық білім мен тәжірибені алу аса маңызды. Тіпті, кейбір кәсіпкерлер оқудан алған құралдарды пайдаланып-ақ қосымша қаржыландырусыз өз жобаларын дамыта алған.

«Shell LiveWIRE бағдарламасы елдегі бизнес-бірлестіктер үшін маңызды. Осыған ұқсас жобалардың арқасында біз бизнес ортаны жақсартып, халықтың іскерлік белсенділігін арттырамыз. Шағын және орта бизнес ел экономикасының драйверіне айналуы керек. «Сәттілік марафоны» сөзсіз бұған септеседі», – деп Орталық Азия және Моңғолия, ЕҚДБ ШОБ-ты дамыту және қаржыландыру департаментінің аймақтық басшысы/аға банкирі Нодира Мансурова атап өтті.

Жобаға қатысушылардың бірі Ақтау қаласынан келген Аман Қыдырбай Instagram әлеуметтік желісінде интернет-маркетингпен айналысады. Ол бизнес құрудың бастапқы кезеңінде алған білім гранттық қаржыландырудан да маңызды екенін айтады: «Біз қатысуға өтінім берген кезде-ақ бізге мұнда қаржыландыруға ие болмайтынымыз ескертілді. Мен жаңа ғана білім мен тәжірибенің қаншалықты маңызды екенін түсіндім. Бұл, әсіресе, бизнесті дамытудың бастапқы сатысында ақшадан да маңызды», – дейді Аман.

Сонымен бірге бағдарламаға қатысудың өзі қатысушыларға өз бизнес жобасының барлық қыр-сырын меңгеруге мүмкіндік берді. Бұл өз кезегінде оларға жергілікті атқарушы органдардың гранттық бағдарламаларына өтінім беруге жол ашқан: «Shell LiveWIRE бағдарламасы 35 жылдан бері әлемнің 18 еліндегі миллиондаған кәсіпкерлерге көмектесіп келеді. Бағдарлама аяқталғаннан кейін осыншама қысқа уақыттың ішінде біздің қатысушылардың грант алып, басқа да қаржы көздерін тарта алғандары қуантады, сөзсіз, бұл өткізілген оқудың сапасының жоғары екенін әйгілейді», – деді «Шелл Қазақстан» компаниясының үкіметпен және қоғаммен байланыс бойынша директоры Зарина Бакенова.

Бағдарлама аясында қатысушылар сонымен қатар жергілікті бизнес-бірлестіктерді дамыту үшін өз қалаларында шараларды өткізуге міндеттелген еді. Бұл бағыттағы жұмыс аймақтардағы іскерлік белсенділіктің өсіміне септесетіні күтіліп отыр.

Бұл – алғашқы «Сәттілік марафоны» емес. 2018 жылы алғашқы марафон Орал қаласында, ал 2019 жылы Ақтау қаласында өткізілген еді.

Қосымша ақпарат бойынша мына байланыс құралдарына хабарласуға болады: +7 702 578 78 27 , e-mail: [email protected].

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале