13.11.2020, 11:19
Оқылды: 131

Қамараддин қазірет

Биыл ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойы қарсаңында оның алғашқы ұстаздарының бірі болған Қамараддин қазірет туралы республикалық басылымдарда бірер мақала жарық көрді. Бөкейлікте кіндік қаны тамып, әуелі башқұрт жеріндегі Істерлітамақта, кейін Бұхарада діни білім алған, заманының озық ойлы ұстаздарының бірі болған ғұламаны біз, жерлестері, толық тани қойдық па?

BE4F3075-FE28-4EE2-9CFE-6DFC15FB611F

Қамараддин қазіреттің азан шақырып қойған есімі – Айжарық. Ал әкесінің есімі жөнінде нақты мәлімет жоқ. Қазіреттің өмір жолы мен қызметі жөнінде терең зерттеу жүргізіп, көлемді мақала жазған ғалым Мақсат Тәжімұрат «Бижомартұлы» десе, шығыстанушы ғалым Серікбай Қосан «Айтілеуұлы» деген деректі келтіреді. Осыдан-ақ қазіреттің тұлғасы әлі толық зерттелмегенін көруге болады. Біз бұл мақалада Қамараддин қазірет туралы осы кезге дейін анық белгілі мәліметтерді ортаға салып, «Орал өңірі» газетінің оқырмандарына тұлғаны тереңірек таныстыруды жөн көрдік.

BB91C285-CC50-4CA6-9E6A-B8F749AE52B7

Мұхамед-Салық жазбасында Қамараддин қазірет жайлы деректі алғаш қағазға түсірген – белгілі этнограф ғалым Мұхамед-Салық Бабажанов. Ол 1861 жылы «Северная пчела» журналының  №4 санында жарық көрген «Заметки киргиза о киргизах» («Қазақ туралы қазақтың жазбалары») мақаласында Бөкей ордасындағы білім беру мәселесі, Жәңгір ханның ағартушылық еңбегі туралы айта келіп, Хан өзінің ұлы Ескендірді бүкіл Орынбор губерниясына әйгілі ишаннан діни білім алу үшін Істерлітамақ уезіне жібергенін, жанында бірнеше қазақ бала-сының арасында ноғай руынан Айжарық та болғанын жазады. «Айжарық өте қабілетті болып, ол жердің оқуын түгел сіміріп алған.

Ауылына келген соң да оқуын жалғастыруды қалаған. Туыстары оны үйлендіреді, бірақ жас келіншегінің жанына бір күн түнеген Айжарық білім іздеп, ишанға қайта кетеді. Ол жерде көп тұрақтамай, Бұхараға аттанады. Сөйтіп, ол жақта терең білім алып, 1849 жылы Орынбор арқылы Ордаға қайтады. Шетелде оқығандықтан, өкімет оны Ордаға жібермей, Орынборда бір жыл тұруға әмір етеді. Сосын Бұхараға қайтуын талап етеді. Бір жыл бойы елде күйеуін іңкәрлікпен күткен келіншегі осы кезде Орынборға келіп, жыл бойы жанында болады. Күйеуі Бұхараға кеткенде келіншегі Ордаға қайтты. Қазір оның керемет ұлы бар, келіншек ешкімге тұрмысқа шықпай, күйеуіне адалдығын сақтап отыр» дейді Мұхамед-Салық.

Қазбек Құттымұратұлы,

Мақаланың толық нұсқасын "Орал өңірі" газетінің №90 санынан оқи аласыздар.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале