13.11.2020, 16:32
Оқылды: 25

БҚО-да биыл 8 млрд. теңге қаражатқа 6 мектептің құрылысы басталады

Бүгін Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында тікелей эфирде Мемлекет басшысының Жолдауы аясындағы өңірдің дамуы туралы баяндады.

61

Президент биылғы Жолдауында білім беру саласын одан әрі дамытуды және қолжетімді сапалы білім алу үшін жағдай жасауды тапсырды.

-Облыс бойынша мектепке дейінгі ұйымдарда 30 мыңнан астам бала тәрбиеленуде. 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту 100%, 1-6 жастағы балалар 76% қамтамасыз етілген.

Аталған мәселелерін түбегейлі шешу үшін жеке инвесторларды балабақшалар салуға тартып, бұрынғы мектепке дейінгі ұйымдардың ғимараттарын мемлекеттік-жеке-меншік әріптестік шеңберінде беру жолдары қарастырылуда.

35

Осы оқу жылының басында 7 үш ауысымдық және 7 апаттық жағдайдағы мектебіміз болған.

Осы жылы 5 мектепте үш ауысымдылық мәселесі шешіледі. Келесі жылы қалған үш ауысымды 2 мектептің мәселесін шешуге мақсат қойып отырмыз.

Апаттық мектептер бойынша осы жылы жаңа құрылыс есебінен 2 мектептің мәселесі шешіледі. Қалған мектептерді 2021-2022 жылдары шешуді жоспарлап отырмыз.

Осы жылы жалпы облыс бойынша 8 млрд. теңге қаражатқа 6 мектептің құрылысы жүргізіледі. Мемлекеттік бағдарламалар аясында биылғы жылы 8,8 млрд. теңгеге Орал қаласы мен барлық аудандардың 33 білім беру мекемелері күрделі жөндеуден өтуде.

Осы жерде айта кететін жәй бұрын айтып жүргендей бұл мәселені шешу үшін жеке инвесторларды тартып, осы жылы 2 мектептің құрылысы басталады.

Елбасының 5 әлеуметтік бастамаларына сәйкес студенттерді жатақханалармен қамтамасыз ету мақсатында жеке инвесторлар есебінен жалпы саны 1200 орынға арналған 4 жатақхана құрылысы басталып кетті.

Ал қыркүйек айында Батыс Қазақстан жоғары медициналық колледжіне 144 орындық жатақхана пайдалануға берілді, - деді Ғали Нәжімеденұлы.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале