Ерте көктемде және қоңыр күзде «Газеттің таралымын өткен жылғыдан түсірмелік» дейтін әңгімеге редакцияда жиі айтыла бастайды. Бұрындары тайлы-тұяғымызбен ауыл-аудандарды аралап, халықпен кездесіп, патша көңіл оқырманымыздың ұсыныс-пікірлерін тыңдайтынбыз. Соған етіміз үйреніп қалған, бірақ қазіргі жағдай өзгерді. Енді жасы бар, жасамысы бар тілшілер қауымы көне шаһардағы мекеме-кәсіпорындардың есігін қағып, әдеттегідей таныс-білісті «жағалай» бастаймыз. Былтыр да, биыл да қалың жұртты басылымға жаздырту оңайға соқпай тұр. Дегенмен азық-түлік, коммуналдық қызметтер бағасы қымбаттады әрі «жаман ауру» екінші жақтан қысып тұрса да, рухани азықты ұмытпайтын ағайынымыздың барына тәубе дейміз.

Басылымға жазылу науқанына байланысты қолдау көрсеткен жандар турасында облыстық «Орал өңірі» газетінің №91 санында шыққан танымал журналист Гүлбаршын Әжігерееваның «Өз “Орал өңіріңді” ұмытпа, әлеумет!» атты ой салар мақаласын оқыңыз!
zhaikpress.kz