18.11.2020, 9:55
Оқылды: 43

Оралда «Мен Абай даңғылында тұрамын!» челленджі жарияланды

Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі Мәдени-ағарту бірлестігі «Мен Абай даңғылында тұрамын!» атауымен даңғылдың жаңа атауын насихаттауға бағытталған челлендж жариялады.

Абай

Челлендж қазақстандық рухани бірлікті қуаттау, отансүйгіштік сезімді арттыру, Абай Құнанбайұлының шығармаларын қоғамда кеңінен насихаттау, қала тұрғындарының рухани дамуын қалыптастыру мақсат-міндеттеріне негізделген.

Челлендж 2020 жылдың 16-30 қараша аралығында өткізіледі.

- Шара аясында тұрғындардың қатысуымен сұрақ-жауап, Ұлы ақынның шығармаларын орындау, тақырыпқа сәйкес сурет салу, Ұлы ақынның даналық сөздерінен көрнекі ақпарат дайындау, шараның 3-5 минут болуы керектігі ескеріледі.

Челлендж Тәуелсіздік күні қарсаңында мерекелік шаралар барысында қорытындыланады, - дейді Орал қалалық мәдени-ағарту бірлестігінің директоры Серік Тоқмамбетов.

 

Ертай Бимұханов,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале