«Сырым елі» - қоғамдық-саяси газетіне Сырым ауданы бойынша әрбір 3-ші жанұя жазылады екен. Әрине, мұның өзі жаман емес, дегенмен көңілде «Ауданның барлық шаңырағында «Сырым елі» тұрса ғой деген тілек бар.
Газетке елдің құрметін, жанашырлығын көргенде ол тілегіміздің түбі орындаларына сенеміз. Кешегі аптада Алғабас ауылының 1990 жылы туған азаматтары 9 қарияны «Сырым елі» газетіне жаздырып, қарттарға да, біздерге де құрмет көрсеткен еді. Алғабастағы «90 - дардың» бастамасын Шолақаңқаты ауылдық округіндегі құрдастары жалғастырды.
В.Шубин атындағы мектептің 2007 жылғы түлектері ауылдың 6 қариясын «Сырым елі» газетіне жаздырды. 90 жылдық тарихы бар газеттің атынан Шолақаңқатының «90-дарына» көңіл демеулері үшін алғыс айтамыз.
Жазылу науқаны жүріп жатыр. «Сырым еліне» сен де жазыл, жерлес!
Бауыржан Ширмединұлы,
Сырым ауданы
zhaikpress.kz