20.11.2020, 17:49
Оқылды: 69

1000-ға жуық көрерменді қамтитын мәдениет сарайы

Облыс әкімі Ғали Есқалиев Орал қаласындағы салынып жатырған мәдениет сарайының құрылыс жұмыстарымен танысты. Оралдағы кез келген мәдени шараны жоғары деңгейде өткізуге мүмкіндік беретін сәулетті мәдениет сарайы келер жылы ел игілігіне берілмек.

сарай 2

- Осы кезге дейін облысымызға шетелден немесе елімізге танымал әншілердің келіп, концерт беруіне мүмкіндік болған жоқ. Енді міне 926 орындық көпбейінді мәдениет сарайы бой көтеруде. Мұнда барлық мәдени ұжымдар орналасады. Соның ішінде облыстық әкімдіктің эстрадалық-симфониялық оркестрі, жастар музыка театры,  бишілер ұжымы, этно-фольклорлық ансамбль, вокальды аспаптар ансамблі секілді ұжымдар болмақ. Сондай-ақ көрме залы мен жергілікті суретшілердің зертханасы болады. Құрылыс биыл басталған еді. Келесі жылы пайдалануға берілмек. Еуропалық стандарттағы дыбыс, жарық аппаратуралары орнатылмақ, - деді Жастар шығармашылық орталығының директоры Марат Қалиев.

сарай 1

«Альтаир» ЖШС-ның құрылыс бойынша директоры Нұрлан Қуанғалиевтің айтуынша, бұл құрылыс нысанында 200-ге жуық жұмысшы еңбек етуде. Мәдениет үйі үш қабатты болмақ. Көрермен залының аумағы 1000 шаршы метр. Көрермендерге арналған 926 орынның 121-і балконда орналасқан. Сахнаның ерекшеліктері бар. Яғни оркестр сахнаға шыққанда сәл биікке көтеріліп, кейін төмен түсіруге болады.

сарай 3

Құрылыс жұмыстарымен танысқан Ғали Нәжімеденұлы мердігер компанияға құрылысты уақытлы және сапалы атқаруды тапсырды. Ал сала мамандарына мәдениет сарайы пайдалануға берілгеннен кейін кабинеттер мен залдардың бос қалмауы қажеттігін жеткізді.

                                                                                              Гүлсезім Бияшева,

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале