23.11.2020, 14:19
Оқылды: 39

Мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған цифрлық сауаттылық оқыту курстары жүргізілуде

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті ағымдағы жылдың 19 қарашасы күні «Азаматтарға арналған үкімет» коммерциялық емес АҚ Батыс Қазақстан облысы филиалы және "Жеңіс" БҚО мүгедектер қоғамдық бірлестігі қызметкерлерімен бірлесіп, Орал қаласындағы мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған цифрлық сауаттылық оқыту курстарын өткізді.

334BFC1D-4B43-4487-A37C-A996DF30FD63

Оқыту курстары барысында мүмкіндігі шектеулі адамдарға Электрондық үкімет порталы сервистерін Egov, Egovmobile, mGov қолдана отырып, мемлекеттік қызметтерді алу жолдары көрсетілді. Оқыту курстары карантиндік шараларға байланысты Zoom бағдарламасы арқылы қашықтықтан өткізілді, оқыту курстарына 50-ден астам адам қатысып, өздеріне қажетті сұрақтарға нақты жауаптар алды.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале