23.11.2020, 17:11
Оқылды: 26

Медициналық мобильді бригадалар 7,6 есе арттырылды - Алексей Цой

Қазақстанда медициналық көмек көрсететін мобильді бригадалар саны 7,6 есеге ұлғайтылды. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты.

F7F9E219-F526-4F82-8956-DE59EED1611A

«Коронавирус инфекциясы пандемиясының салдарынан орын алған жағдайды ескере отырып, сіздердің назарларыңызды министрліктің халыққа медициналық көмек көрсету жүйесін нығайту бойынша қабылдаған шараларына аударғым келеді. Халыққа алғашқы медициналық-санитарлық көмекті сапалы әрі дер уақытында көрсетуді жақсарту аясында мобильді бригадалардың саны 478-ден 3 640-қа немесе 7,6 есеге ұлғайтылды. Бригадалар үйде медициналық көмек көрсету үшін қажетті клиникалық-диагностикалық минимуммен жабдықталған. Осы жылдың шілдесінен мобильді бригадалар 280 мыңнан астам қызмет көрсетті», - деді министр IX Азаматтық форум аясында үкіметтік емес ұйымдар өкілдерімен кездесуі барысында. Оның айтуынша, коронавирусқа шалдыққандарды, сонымен қатар диспансерлік есептегі және 65 жастан асқан науқастарды, жүкті әйелдерді қашықтан қарқынды қадағалау ұйымдастырылды. Коронавирус жұқтырған науқастарға консультациялық көмек көрсету үшін құрамында жоғары оқу орындарының, ғылыми орталықтар мен ғылыми-зерттеу институттарының профессор-оқытушы құрамынан жасақталған өңірлік және республикалық сарапшылар тобы жасақталды.

«Жедел көмек автокөліктерінің паркі жаңартылды. 703 техника қазіргі уақытта жеткізілсе, 464 санитарлық машина жеткізу сатысында тұр. Жедел көмек жетуінің орташа уақыты 25 минуттан 14 минутқа дейін қысқарды. Бұған қоса, Мемлекет басшысы ауылдарға медициналық қызмет көрсетуді жақсарту бойынша шаралар әзірлеуді тапсырған болатын. Осыған орай, ауыл тұрғындарына амбулаторлық көмекті қолжетімді жасау үшін 100 жылжымалы медициналық кешен сатып алынып, өңірлерге жеткізіліп жатыр», - деді Алексей Цой.

Сонымен қатар ауылдарда алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін 300 жаңа нысан ашу және 137 амбулаторлық-емхана ғимаратын салу жоспарланған.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале