23.11.2020, 20:22
Оқылды: 17

Жыл соңына дейін бірінші сұрыпты нанның бағасы өзгермейді

Облыс әкімдігінде әлеуметтік маңызы бар тауарлар бойынша отырыс өтті. Жиында облыс әкімінің бірінші орынбасары Мұхтар Манкеев әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын өсірмеу жөнінде облыс әкімдігінде аптасына 2-3 рет штаб отырысы өткізілетінін,  бұл тұрғыда қандай жұмыстар атқарылып жатқанын баян етті.

Ман 1

Оның айтуынша, қазір шектеулі баға картоп, пияз, сәбіз, қант, шемішке майы сияқты әлеуметтік маңызы бар тауарларға енгізіліп отыр. Шектеулі баға әкімдіктің қаулысымен қабылданады. Қаулы бекітілгеннен кейін аталған тауарлардың бағасын көтеріп сатқандарға айыппұл белгіленеді. Бұған әкімдік тарапынан мониторинг жұмысы жүргізіледі. Шектеулі баға биыл сәуір айында бекітіліп, соның нәтижесінде көптеген тауарлардың өсімі тоқтатылған. Бүгінгі таңда осы шара қайтадан қолға алынуда.

ман 2

Облыс әкімінің орынбасары бұдан соң тұрақтандыру қорындағы әлеуметтік маңызы бар 19 тауардың санатына нан да кіретінін, бірінші сұрыпты нанның бір бөлкесі бір жылдан астам уақыттан бері облыс бойынша 80 теңгеден сатылып тұрғанын баяндап, бұл  республика бойынша ең төменгі баға екенін жеткізді.  Биыл жыл соңына дейін бірінші сұрыпты нанның бағасы осы қалыпта ұсталып тұрмақ.

ман 3

Мұхтар Наурызбайұлы одан әрі әлеуметтік маңызы бар 19 тауар түрінің бағасын көтермеу бағытында атқарылып жатқан жұмыстарды мәлім етіп, журналистердің сұрақтарына толымды жауап қайтарды.

 

Нұрымбек Жапақов,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале