Бәйтерек ауданы Дариян ауылының учаскелік полиция инспекторы, аға лейтенант Ернұр Елеукен мен жастар жетекшісі Мәрзия Кунусбаева және бірнеше волонтер ауыл ішін аралап, түнгі рейд шарасын жүргізді.
Мақсат - 21:00 мен 23:00 арасында көшеде себепсіз жүрген жандарды анықтап, оларға әлі де карантин режимі аяқталмағанын түсіндіру.
- Полиция қызметкері мен жастарды ертіп, ауыл ішіндегі дүкендер мен жастар көптеп жиналатын саябақтарға бардық. Кездескен бірен-саран жас болмаса адамдардың көбі санитарлық талаптарды сақтап жүрді. Бір қуанарлығы өрескел тәртіп бұзған жас кездеспеді,- дейді М.Кунусбаевва.
Алдағы уақытта да мұндай шаралар жалғасын таба бермек.
Гүлжан Аязбаева,
Бәйтерек ауданы
zhaikpress.kz