26.11.2020, 15:39
Оқылды: 110

Тәуелсіз мемлекетті құру жолында Елбасы үлкен жауапкершілік алды - Төлеутай Сүлейменов

Тәуелсіз мемлекетті құру жолында Елбасы үлкен жауапкершілікті алды. Бұл туралы Мемлекет қайраткері, ҚР Тұңғыш Сыртқы істер министрі Төлеутай Сүлейменов мәлімдеді, деп жазады ҚазАқпарат.
429E859C-8846-4DA8-905B-CA876F448CD8

«Қазақстан үшін қажет көшбасшы ретінде Нұрсұлтан Назарбаев болды. Ол Тәуелсіз мемлекетті құру жолында өзіне үлкен жауапкершілікті алды» ,- деді Т.Сүлейменов «ҚР Тұңғыш Президенті: жасампаздық пен үдемелі дамудың 30 жылы» атты халықаралық дөңгелек үстел отырысында.

Осы орайда ол Елбасының негізгі жетістіктерін атап өтті.

«Нұрсұлтан Әбішұлы саяси көрегендігімен елдің болашағы үшін жаңа ұстанымды даярлайды алды. Дегенмен оған жету оңай мақсат болмады. Сол кезеңде еске алсақ, бұл өз кезегінде еліміздің дамуының траекториясын айқындаған ең маңызды тарихи кезең болды», - деді Төлеутай Сүлейменов.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале