1 желтоқсан – Қазақстанның тәуелсіздік тарихындағы айтулы күндердің бірі. Осындай атаулы күнді мерекелеу Ұлт Көшбасшысына, оның Қазақстан халқы мен еліне сіңірген еңбегі үшін құрмет көрсету болып табылады.
Жалпы елдің іргетасын қалаған тұлғаларды ардақтау, олардың билікке келген күнін ұлттық мейрам ретінде атап өту – өркениетті елдердегі дәстүр.
Әр ұлттың өз тарихын қалыптастырған ұлы тұлғалары бар. Соншама уақыттан кейін олар адамзаттың ортақ азаматтары болып, осы ұлттың данасы ретінде санасында нығая түседі. Бұл ретте егемен Қазақстанның негіздерін құру мен нығайтудың тарихи миссиясы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа тиесілі.
Қазақ тарихында өз халқын Әз Жәнібек пен Керей, Қасым мен Абылай, Хақназар Кенесары билеген хандар болған. Олардың ішінде егеменді елімізді басқарған еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ерекше орын алады.
Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасының еліміздің баянды болуына қосқан үлесі баға бергісіз зор. Нұрсұлтан Әбішұлы тарихтың сындарлы сағатында биліктің басында болып, терең саясаткерлігінің арқасында елдің тәуелсіз дара жолын қалыптастыра білді. Бүгінде бүкіл әлем Қазақстанды дамыған ел деп мойындайды, дүниенің төрт құбыласымен тең араласамыз.
Сарыарқаның төрінде азаматтығымыздың Шолпан жұлдызындай болып ел жүрегі жаңа астана бой түзеді. Оның да бас архитекторы Елбасының өзі. Жаңа елорданың сәні мен мәні де, сәулеті мен дәулеті де тәуелсіз Қазақстанды төрткүл әлемге паш етті.
Елорданы Нұр-Сұлтан деп атау әділдік идеалдарына толық жауап беретініне, қазақстандықтардың басым көпшілігінің үміттеріне сәйкес келетініне кәміл сенемін.
Тарихымызда бірінші рет шекараны халықаралық шарттармен құжаттап бекіттік. Солтүстік өңір қазақ рухына қанықты. Санымыз өсіп, сапамыз жаңарып, ел рухы, еңсесі көтерілді. Көшіміз түзеліп, әніміз көкте еркін шырқала бастады, қазақпен қазақ қазақша сөйлесіп, тілі жойылып кету қаупінен арылды.
Ең бастысы, дербес елдің өзіндік заңнамасы қалыптасып, халық конституциялық еркіндік алды. Мемлекет және қоғам мүддесіне керекті шектеулерден басқаға Ата Заң негізінде рұқсат етіліп, азаматтар еркін өмір сүру бостандығына жетті.
Елімізде саяси тұрақтылық қатаң сақталып, біз өзіміздің басты құндылықтарымыз – толеранттылықты, ұлтаралық және конфессияаралық келісімді, бейбітшілік пен достықты нығайтудамыз.
Әсіресе, Н.Назарбаевтың стратегиялық ойлауы мен көреген саясаты әлемдік көшбасшыларды тәнті етіп, адамдардың шынайы құрметіне бөленетіні заңды.
Біздің елімізде өркендеп келе жатқан өзара түсіністік пен бірлік, келісім мен достық, халқымыздың орасан зор жетістіктері – осының бәрі Н.Ә.Назарбаевтың сарабдал, көреген саясатының жемісі. Осы себепті, Ұлт Көшбасшысының қоғам игілігіне бағытталған орасан зор еңбегін дұрыс әрі жоғары бағалау біздің парызымыз болып табылады.
Сондай-ақ Елбасы Н.Ә.Назарбаев бірқатар халықаралық қақтығыстарды реттеудің бастамашысы болды. Бұл еліміздің Тұңғыш Президентінің жаһандық ауқымдағы бітімгер ретіндегі беделін айқын көрсетеді
Бізге, қазақстандықтарға, Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаев пен Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың басшылығымен Тұңғыш Президент бастамашылық еткен "Стратегия - 2050", "Нұрлы жол" жаңа экономикалық саясаты мен "100 нақты қадам" Ұлт жоспары бағдарламалық құжаттарды жүзеге асыру бойынша үлкен жұмыс жүргізу қажет.
Осы жылдар ішінде Қазақстан өзінің әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуында әлемдік бағытта ілгерілеп келеді. Біздің қоғамдық-саяси өмірдегі жетістіктеріміз мемлекетіміздің әлемдік қоғамдастықпен танылуына ықпал ете отырып, лайықты орынға ие болды.
Шын мәнінде, біздің Тұңғыш Президентіміз елімізді аяғына нық қойып, әлемге өзінің еңбегін көрсетті. Осы егемендіктің арқасында тарихқа түгендеу жүргізілді, тіл, дін қайтарылды, мемлекетіміздің ұлттық рәміздері қабылданды. Міне, халық сайлаған Елбасы әрқашан осындай жарқын істердің шыңында болды.
Өз Отанымен бірге осы жылдар арасында еліміз егемендік алған күннен бастап алғаш құрылған ішкі әскер де дами бастады. 1992 жылдың 10 қаңтарында Президент Ішкі әскердің құрылуы туралы заңға қол қойды. 1992 жылдың 23 маусымында «Қазақстан Республиксының Ішкі әскер туралы» Заңына қол қойды. Бұл ішкі әскердің міндеттері мен қызметін анықтайтын бірінші құқықтық акт болды.
Ішкі әскердің алдында үнемі нақты – халықты қылмыстан сақтай отырып, құқықтық тәртіп пен қорғауды қамтамасыз ету міндеті тұрды. Ішкі әскер бұл міндеттерді орындай білді. 28 жыл ішінде біз үшін жағдай барлық жағынан жақсарды. Бүгін біз қылмыс деңгейінің айқын төмендегенін көреміз. Бұл тек қана құқықтық тәртіп әскерінің ғана емес, барлық қоғамның, Үкіметтің, соның ішінде Мемлекет басшысының еңбегі.
Әскердің қамтамасыз етілуі мен дамуы біздің Тұңғыш Президентіміз Н.Назарбаевтың үнемі жіті назарында болды. Сонау 2014 жылдың 21 сәуірінде Қазақстан Республикасы ІІМ Ішкі әскерлері қайтадан Ұлттық ұлан әскері болып құрылды.
Қазақстанның Тұңғыш Президентіне деген халық тарапынан үлкен сенім – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа жаңа мереке үлкен күш берді. Осыдан соң еліміздің барлық аймағында соның ішінде Қарулы Күштерде және Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланында Тұңғыш Президент күніне арналған әлеуметтік-мәдени шаралар пандемияның таралуына байланысты санитарлық талаптарды қатаң сақтай отырып өткізілуде.
«Батыс» өңірлік басқармасының барлық бөлімдерінде көрмелер, сонымен қатар кітапханаларда, ақпараттық тәрбие жұмыстары бөлмесінде және қызмет атқару орындарында Тұңғыш Президенттің өмір жолына арналған фотокөрмелер мен стендтер ресімделді.
Ақпараттандыру сағаттарында «Назарбаев Лайф», «Балалық шағымның аспаны», «Тұңғыш», «Стальной профиль», «Президенттің ойы» деректі фильмдерін ұйымдастырылды. Бұл ақпараттық-идеологиялық шаралар тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың – Ұлт көшбасшысы – тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің негізін құрушы ретінде рөлін көрсетуге бағытталған.
Барша қазақстандықтар сияқты біз Отанымызды сүйеміз, тәуелсіз мемлекетіміздің Тұңғыш Президентін мақтан тұтамыз! Біздер үшін Қазақстан азаматы болу – үлкен жауапкершілік және абыройлы мәртебе.
Қайрат Үмбетов,
Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан «Батыс» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының бірінші орынбасары-штаб бастығы,
Халық қаһарманы, генерал-майор
Орал қаласы