4.12.2020, 11:26
Оқылды: 43

Мәулен Әшімбаев сатып алу жүйесін жетілдіру қажеттілігі туралы айтты

Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев сатып алулардың қолданыстағы жүйесін жетілдіру мәселесін көтерді.

Мәу1

«Сатып алулардың қолданыстағы жүйесін жетілдіру қажеттілігі бар. Ұлттық компаниялардың сатып алулары кәсіпкерлер үшін қол жетімдігі төмен. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет жыл соңына дейін квазимемсектордың барша сатып алуларын реттейтін ашық тәртіпке негізделген заң жобасын әзірлеуі тиіс», - деді М.Әшімбаев Қазақстанда шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты және құқықтық реттеуді жетілдіру тақырыбындағы Парламенттік тыңдауда.

Осы орайда бұл шаралар сатып алулардың бірыңғай терезесі арқылы жүзеге асыру қажеттігі айтылды. «Шағын және орта бизнесті дамыту – еліміздегі көптеген азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға тікелей қатысы бар мәселе. Сол себепті, бұл салаға қолдау көрсету аса маңызды», - деді Сенат Төрағасы.

 

inform.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале