7.12.2020, 10:06
Оқылды: 79

Бәйтеректе жастар бастамасы қолдау тапты

Газетке жазылу науқаны басталған шақта аудан жастары «Газет – әр адамға» атты бастама көтеріп, Переметный ауылындағы «Бәйтерек» әлеуметтік қызмет көрсету орталығына 10 газет жаздырған болатын. Күні кеше аға-апаларының игі ісіне қолдау білдірген Қасым Аманжолов атындағы орта мектеп оқушылары қаражат жинап, «Көшім арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» тәрбиеленушілеріне 5 газет жаздырды.

IMG_8266

- Өзім және Айдана Бақытжанова, Айзада Қалымжан, Дильназ Кетикова, Нұрбану Шүкіроллаева, Румиля Радик, Назерке Ғали, Ақтоты Тажикова сияқты құрбыларыммен жиналып, бес газет жаздыруды ұйғардық. Ұстаздарымыз бен ата-аналарымызға қайырымдылық жасап жатқанымызды ескертуді де ұмытпадық. Барлығы ісімізге қолдауын білдірді. Енді Көшім ауылындағы әлеуметтік қызмет көрсету орталығындағы достарымыз аудан жаңалығынан хабардар болып отырады, - дейді бастама көтеріп, достарын қайырымдылыққа жұмылдырған Назерке Силыбаева.

Оқушылар жастардың бастамасы туралы «Ауыл тынысы» газетінің әлеуметтік желідегі парақшасынан көргендерін айтады. Қандай істе де алда жүретін ақын Қасым атын иеленген мектеп оқушыларының ісі құптарлық.

Түгелбай Бисен,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале