9.12.2020, 11:58
Оқылды: 64

Қазақстанда жүргізуші куәлігін көрсету міндетті болмайды

Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы екінші оқылымда мақұлданды.

авто1

Заң жобасында жүргізушілердің Қазақстан Республикасында берілген жүргізуші куәлігі мен көлік құралын тіркеу құжаттарын өзімен бірге алып жүрмегені үшін әкімшілік жауапкершілікті алып тастауды қарастырып отыр. Алайда жүргізушілер өзімен бірге жеке куәлігін алып жүруге мндетті болады. Бұл түзетулер шетел жүргізушілері мен шетелдік көлік құралдарына қолданылмайды.

«Жол жүрісі қауіпсіздігін күшейту мақсатында заң жобасында 2022 жылдан бастап аталған норманы қолданысқа енгізе отырып, 10 жылдан асқан автобустарды бастапқы тіркеуге тыйым салу арқылы оларды пайдалану мерзімі бойынша шектеу енгізу көзделіп отыр», - деді Мәжіліс депутаты Магеррам Магеррамов.

Бұл ретте бұрын Қазақстанда тіркелген және жолаушыларды, оның ішінде ауылдық жерлерде жолаушыларды тасымалдау үшін пайдаланылатын автобустарды пайдалану шектелмейді. Осы норманы енгізу жолаушыларды тасымалдау қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік береді, сондай-ақ қолданыстағы автобустар паркін біртіндеп жаңартып, экологиялық жағдайға оң әсер етеді.

Бұдан бұрын хабарланғандай, өткен аптада Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданған болатын.

 

inform.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале