10.12.2020, 16:36
Оқылды: 58

Бәйтеректе жастармен кездесулер өтті

Бәйтерек аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталық мамандары  Янайкин, Көшім, Щапов, Махамбет, Макаров, Краснов ауылдық округтерінде болып, жастарға мемлекеттік бағдарламалар және басқа да мәселелер төңірегінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді. 

B4E8B666-8FC3-4300-8B5D-5BF6CE425235

Ауылдарға барған ресурстық орталық басшысы Алма Төлепқалиева және кеңесші мамандардан аталған округ жастары негізінен нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы сұрап білді.

2DD586E2-8C62-446C-A127-9AC47A6110D3

Сонымен қатар жастарды еңбек ұжымдарының тыныс-тіршілігімен таныстырып, оларды еңбекке баулып, ынтасын арттыру мәселесі де кездесулер барысында кеңінен қозғалды.

6194A0F4-8053-4F47-AC5D-C22A29D354B1

Сондай-ақ мамандар «JastargaBilim», «JastargaQyzmet», «JastargaKenes», «JastargaJymys» жобаларының жайы да түсіндіріліп, басқа да өзекті мәселелер талқыланды. Сонымен қатар қоғамдық қауіпсіздікке үн қосуға шақырды.

F4A05F5A-7FA9-4D15-BE22-D66AF7B8FBEA

Алдағы уақытта мұндай кездесулер ауданның барлық ауылдық округтерінде өтеді.

Аружан Аманжол,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале