11.12.2020, 14:41
Оқылды: 21

Пандемиядан зардап шеккен төрт мыңнан астам кәсіпкерге 6 пайызбен несие беріледі

10 желтоқсандағы жағдай бойынша экономиканың ең көп зардап шеккен секторындағы 4180 шағын және орта бизнес субъектілеріне жалпы сомасы 754 млрд теңге несиенің 6 пайыз ставкасын субсидиялауға өтінім мақұлданды.

пан

Бағдарламаның операторы - «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры.

Субсидияны 2 738 шағын және орта бизнес алды. Бұл - бекітілген қарыз алушылардың жалпы санының 65,5 пайызы. 7 860 банк қарыз шарттары бойынша төленген субсидияның жалпы сомасы - 6,9 млрд теңге. Экономиканың зардап шеккен секторларындағы (экономиканың 29 саласында) шағын және орта бизнеске берілген барлық қолданыстағы несиелер бойынша жылдық 6%-ке дейінгі пайыздық мөлшерлемені субсидиялау төтенше жағдай жарияланғаннан бастап, яғни 2020 жылдың 16 наурызынан бастап 12 ай мерзімге есептеледі. «Қарыз алушының банкпен байланысқан күніне қарамастан, оның барлық төлемдері 2020 жылдың 16 наурызынан бастап 2021 жылдың 15 наурызын қоса алғанда субсидияланады. Субсидия банктерге аударылады және оны қарыз алушы өз несиелері бойынша пайыздарды төлеуге пайдалана алады. Егер ол несие мерзімі аяқталған кезде пайдаланылмаса, онда ол қарыз алушыға төленеді», - деді Accenture Ресей мен Қазақстандағы стратегия және талдау департаменті директорының орынбасары Дмитрий Золотухин.

Мемлекеттік субсидиялауға өтінімдерді қабылдау 2020 жылдың 30 қазанынан бастап 1 желтоқсанына дейін ұзартылған болатын. Бұл шағын және орта бизнестің бағдарламаға көбірек қатысуына және банктердің қажетті ақпаратты уақытында «Дамуға» жіберуіне мүмкіндік берді. Соның арқасында 600-ге жуық өтініш қабылданды.

«Бұл субсидиялау механизмі Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі тапсырмасына сәйкес әзірленген және үкіметтің дағдарысқа қарсы пандемия кезіндегі шектеу шараларының салдарын барынша азайту жөніндегі шараларының бөлігі. Механизмді жасауға Ұлттық экономика министрлігі, ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, «Даму» қоры, «Атамекен», Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы қатысты», - деп қорытындылады Дмитрий Золотухин.

inform.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале