11.12.2020, 19:23
Оқылды: 9

Жаңа кітаптың тұсаукесері өтті

Әріптесіміз, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, «Сырым елі» қоғамдық-саси газетінің жауапты хатшысы Мүсірбек Айташевтің «Жүрегіме ұя салған қарлығаш» атты кітабының тұсаукесері өтті. 

0AF1F703-D5F4-4DA0-A96C-0A3A30D6A495

Автордың тырнақалды туындысының жарыққа шығуына Жазушылар одағының Батыс Қазақстан филиалының басшысы, ақын, журналист, Бауыржан Халиолла қолдау көрсеткенін айта кетуіміз керек.

Аудан басшысы Мүсірбек Әлібекұлын алғашқы туындысымен құттықтап, лебізін жаудырса, Бауыржан Халиолла әріптес ағасының кітабының шығуының «өзіндік тарихы бар» деп естеліктермен бөлісті.

37D46E01-9525-48D6-8AEB-5B90289EED40

«Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары Ғайсағали Сейтақ әріптесіне басшылықтың құттықтауын жеткізіп, алғысхатын табыстап, өзінің де жүрекжарды лебізін білдірді.

15C27670-3E98-4349-853B-139BE57230AF

Мүсірбек Әлібекұлымен әріптес болған, газетте әр жылдарда редакторлық қызметте болған ағалары Э.Шыңғалиев, М.Ерниязов, Қ.Ғұсманов та авторды тырнақалды туындысының жарыққа шығуымен құттықтады.

 «Сырым елі»

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале