12.12.2020, 11:50
Оқылды: 41

Оралда тұрғын үйде өрт болып, екі адам қаза тапты

Оралда тұрғын үй өртеніп, екі адам қаза тапты.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға И.Куличев көшесіндегі тұрғын үйде болды.

2012121201362997g

Жедел жәрдем 11 желтоқсан күні сағат 23.20-да шақырылып, үш бригада жұмыс істеді.

Өрт салдарынан 8 жасар ер бала мен 67 жастағы ер адам жедел жәрдем келгенге дейін көз жұмды.

Жеңіл дәрежеде газдан уланған 4 жасар қыз бала облыстық балалар ауруханасына жатқызылды. Жеңіл дәрежеде газдан уланып, жарақат алған 43 жастағы ер адам қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізілді.

БҚО ТЖ департаменті мемлекеттік өрт бақылау басқармасының аға инженері Сағдат Әнестің нақтылауынша, И.Куличев көшесі 13-мекенжайында өрт болып жатқаны жөнінде сағат 23.17-де хабар түскен.

201212115908168e
Аумағы 80 шаршы метрді қамтыған өрт кезінде тұрғын үйдің төбе жабындысы, жеке заттар мен жиһаз жанып кетті. Өрт сөндіру қызметі келгенше, сол маңнан өтіп бара жатқан азамат газдан ауыр және жеңіл дәрежеде уланған екі адамды (біреуі - бала) құтқарды. Олар ауруханаға жатқызылды.

Өрт орнынан екі адамның мүрдесі табылды. Оқиға орнынан 27 литрлік газ баллоны шығарылды. «Тілсіз жауды» ауыздықтауға жеке құрамнан 14 адам, 5 техника жұмылдырылды. Қазіргі кезде өрттің шығу себебі анықталуда.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда бір күнде екі тұрғын үй өртенгенін жазған едік.

ҚазАқпарат

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале