15.12.2020, 12:39
Оқылды: 13

Бейбіт күн батыры ұмытылмайды

16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесіне орай Қаратөбе аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Роман Дүйсеғалиев, бөлім бастығының бірінші орынбасары, полиция майоры Алмаз Елбаев жас буынға үлгілі тұлға, бүгінгі күннің батырын дәріптеп, өнеге тұту, ерлігі мен өрлігіне тағзым ету мақсатында қызмет бабында қайтыс болған бөлімнің учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны, марқұм Алпамыс Жексенбаевтың жанұясына барып, жұбайы Баян Баймұханқызын мерекемен құттықтады.

131209605_376918023610454_3500392255188096105_n

Алпамыс Жексенбаевтың жұбайы Баян Баймұханқызы полиция қызметкерлеріне табыс тілеп, алғысын жеткізді.

– Тарихын ұмытпаған елдің ғана болашағы жарқын болады. Бүгінгі бейбіт күнде опат болған әріптестеріміздің ерлігі ешқашан ұмытылмайды, - дейді полиция подполковнигі Роман Дүйсеғалиев.

Үміт Шурина,

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале