Бүгін Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні мерекесі қарсаңында өрт құшағынан жанұшыра бауырларын аман-есен алып қалған Дана Өтебаева ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің «Өртте көрсеткен қайсарлығы үшін» медалімен марапатталды.
Жәнібек ауданының әкімі Азамат Сафималиев өрт салдарынан анасынан айырылған Данаға марапатты табыстап, сабырлыққа шақырды.
Айта кетейік, ағымдағы жылдың 27 қазанда Жәнібек ауданы орталығындағы Ш.Шарафутдинов көшесі 5/2-мекенжайында өрт шығып, 37 жастағы Дананың анасы газдан уланып, қайтыс болды. 16 жастағы Дана өрт сөндірушілер жеткенге дейін өзінен кіші үш бауырын терезеден шығарып алған.
Гүлзара Мәди,
Жәнібек ауданы
zhaikpress.kz