Ұлы Жібек жолы... Ұлы Жібек жолы дегенде көз алдымызға жүк артылған түйелердің бірінен соң бірі, бір ізбен тізіліп келе жатқан керуен елестейді. Бұл керуен жолының ежелгі дәуірде және орта ғасырларда Шығыс пен Батыс арасын, елдер мен өркениеттер арасын жалғастырған құрлықаралық сауда жолы болғанын, ол арқылы Шығыстан Батысқа Қытай жібегі, арабтың хош иісті заттары, асыл тастар жеткізіліп отырғанын, ал Батыстан Шығысқа шыны, мыс, қалайы, қорғасын, інжу-маржан, мата, ыдыс-аяқ, алтын тасылғанын және Батыс пен Шығысты мыңдаған жылдар бойы жалғастырып келген ұзақ жолдың дәл орта тұсы қазақ жерімен өткенін тарихтан білеміз. Бірақ ұзақ жылдар бойына әлемдік дамудың ілгерілеуіне айрықша ықпал еткен осынау Ұлы Жібек жолының өзі өткен жеріне, онда тұрған халықтар өміріне әкелген өзгерістері бір ел, бір мемлекет тұрғысынан ғана емес, бүкіл әлем жұртшылығы тарапынан да ұмытыла бастаған болатын.
Тарихи деректерге қанық болғыңыз келсе, облыстық «Орал өңірі» газетінің №101 арнайы шығарылымынан БҚО тарихи-өлкетану музейінің экскурсиямен қамту және экскурсиялық қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Зармина Хангерееваның «Жайық қалашығы – көне өркениеттің жұрты» атты мақаласын оқыңыз, оқырман!
zhaikpress.kz