Елде – науқан. Партиялар үшін сайлау науқаны болса, газет пен оның сүйікті оқырманы үшін – баспасөзге жазылу науқаны.

Осыған дейін біраз ауылдарда жастар «Сырым елі» газетіне қолдау көрсетіп тегін жазылымдар ұйымдастырды. Қособадан да жақсы хабар жетті. Қособа орта мектебінің 2008 жылғы түлектері ауылдың 8 тұрғынын «Сырым елі» газетіне жаздырыпты.
Әлеуметтік желі шыққалы газет оқылмайды деп ойлайды көбі. Басылымды оқып қана қоймай, оны насихаттап, қолдап жүрген оқырмандар көбейген сайын газеттің келешегі бар екеніне сенесің.
zhaikpress.kz