12.01.2021, 17:18
Оқылды: 38

Ыстық тамақты ұйымдастыру кезінде асхана орнының 30% толымдылығы қамтамасыз етіледі

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 16 тамыздағы №611 бұйрығымен бекiтiлген "Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларының 165-бабына сәйкес  бастауыш, орта және негізгі орта деңгейдегі білім беру ұйымдарында асханада тамақтану қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша және тиісті аумақтардың бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлерінің келісімі бойынша ұйымдастырылады.

 асхана

Санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, кезекші сыныптарға ыстық тамақты ұйымдастыру бойынша Бөрлі ауданынан басқа аудандардың (қаланың) білім беру бөлімдері жергілікті санитарлық- эпидемиологиялық бақылау басқармаларымен бірлескен түрде жұмыстар жүргізуде.

Ыстық тамақты ұйымдастыру кезінде асхана орнының 30% толымдылығы қамтамасыз етіледі, - деп хабарлады БҚО білім басқармасының баспасөз қызметі.

 

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале