Ауыл балалары арасында қысқы спорт түрлеріне қызығушылық жақсы қарқын алып келеді. Іні-қарындастарының талабын көрген аға буын да мүмкіндігінше қолдау беруде.
Сырым ауданына қарасты Көздіғара негізгі мектебінің 1991 жылы туған түлектері оқушыларға 2 коньки сыйға тартты.
Сол күн мектеп үшін коньки жауған күн болды. Аудан орталығындағы "Жас туристер станциясы" мекемесінің әдіскері, аталмыш мектептің түлегі Ерлан Ескабулов та өзінің мәрттігін көрсетті. Ол өз атынан мұз үстіне сырғанайтын 3 жұп коньки сыйлады.
А.Бауыржанқызы,
Сырым ауданы
zhaikpress.kz