14.01.2021, 8:57
Оқылды: 48

Сырым ауданында пиротехникалық заттар тексерілді

Аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері, азаматтық қорғау капитаны А.Қыдырсихов, "Сырым" полиция бөлімінің учаскелік инспекторы Қ.Габдуллин, №14 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері, инженер М.Нариманов аудан орталығы Жымпитыдағы тұрмыстық бұйымдар сатылатын дүкендерге, жанар жағармай бекеттерінде рейд жүргізді.

FB_IMG_1610553114404

Басты мақсат – лицензиясыз, ешбір құжаты жоқ пиротехникалық заттар мен отшашулардың заңсыз сатылмауын қадағалау және қауіпсіздік шараларымен танысқандығын растайтын дүкен иесінің қолының болуын қадағалау.
Рейд кезінде "SinOil", "Нефтэк" жанар жағармай бекеттерінен, "Даяна", "Арзан", "Дильназ" дүкендерінен пиротехникалық заттар сатылмайтындығы анықталды.

FB_IMG_1610553107046

- Әйтсе де, қауіпсіздікті қатерден шығармағанымыз жөн. Аталмыш дүкен мен бекеттердің иелеріне сақтық шараларының алдын алатын ескерту парақшаларын беріп, маңыздылығын түсіндірдік, - дейді А.Қыдырсихов.

Айжан Бауыржанқызы,
Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале