Ғаламторда келтірілген деректерге көз жүгіртсек, дүние жүзінде жол-көлік оқиғалары мен соның салдарынан болатын өлім мен жарақат алу деректері жыл санап күрт артып келеді. Әр жыл сайын әлемде жол-көлік оқиғаларының нәтижесінде орташа есеппен 1-1,5 миллион адам өлім құшады екен. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, соңғы жылдары біздің ел де жол-көлік оқиғалары бойынша әлем елдерінің алдыңғы қатарында тұрғаны айтылуда.
Елімізде жол-көлік оқиғалары салдарынан орташа есеппен жыл сайын 1,5-2 мыңдай адам көз жұматыны, 10-13 мың адамның жарақат алатыны, бұл жағдай-лардың 90 пайыздан астамы жүргізушілердің кінәсінен болатыны туралы көп айтылып та, жазылып та жүр. Полиция қызметкерлері мас күйде көлік жүргізгені үшін жүргізуші куәлігінен айырылған адамның, көлікті қайтадан заңсыз басқарып, ұсталғандардың саны да арта түскендігі туралы деректерді айтып, дабыл қағуда. Ал бұл келеңсіздіктердің барлығы заңның тым «жұмсақтығынан» орын алып отырғанына халық арасында наразылықтар тудырды.
БҚО ПД жергілікті әкімшілік полиция басқармасы ұсынған мәліметтерге сүйенсек, өткен жылы облыста жол жүру ережесін бұзған 2068 адам жүргізуші куәлігінен айырылған. Ал биылғы жыл басталмай жатып, 98 көлік жүргізуші куәлігімен қош айтысса, соның 89-ы көлікті мас күйінде басқарғандығы анықталған. Сонда дейміз-ау, қарапайым жол ережесін сақтау былай тұрсын, полицияның құрығына іліккендердің 90%-ы «ащы суды» ұрттап алып, көлік басқарған болып шыға келеді.
Соңғы жылдары өзектілігі арта түскен бұл мәселеге ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ерекше көңіл бөліп, өзінің твиттер парақшасына «Заңға өзгертулер енгізуді тапсырды.
Мақаланың толық нұсқасын "Орал өңірі" газетінің №8 санынан оқи аласыздар.
Нұрбек Оразаев,
zhaikpress.kz