Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 16 тамыздағы №611 бұйрығымен бекiтiлген "Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларының 165-бабына сәйкес бастауыш, орта және негізгі орта деңгейдегі білім беру ұйымдарында асханада тамақтану қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша және тиісті аумақтардың бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлерінің келісімі бойынша ұйымдастырылады.
- Санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, кезекші сыныптарға ыстық тамақты ұйымдастыру бойынша Ақжайық, Бөрлі, Сырым және Шыңғырлау аудандарынан басқа аудандардың (қаланың) білім беру бөлімдері жергілікті санитарлық- эпидемиологиялық бақылау басқармаларымен бірлескен түрде жұмыстар жүргізілді.
Қазіргі таңда 205 мектепте 1-4 сынып оқушылары мен әлеуметтік жағынан қорғалмаған отбасы балаларына ыстық тамақ ұйымдастырылуда. 115 мектеп – штаттық режимде, 90-ны – аралас режимдегі мектептер.
Ыстық тамақты ұйымдастыру кезінде шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин кезеңінде білім беру ұйымдарында тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар мен асхана орнының 30% толымдылығы қамтамасыз етіледі, - делінген БҚО білім басқармасының баспасөз қызметі таратқан мәліметте.
zhaikpress.kz