11.02.2021, 17:47
Оқылды: 38

Комиссия отырысы төтенше жағдайлардың алдын алуға арналды

Бүгін Жәнібек ауданының әкімі Азамат Сафималиевтің төрағалығымен аудандық төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссияның кезекті отырысы ZOOM платформасы арқылы онлайн режимде өтті. Жиынға комиссия мүшелері қатысты.

44515D8C-6C30-473D-A556-1FB98C1DC3A8

Басқосуда алғаш сөз алған аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Серік Алтаев 2020 жылы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою бойынша жұмыс қорытындысы және 2021 жылғы міндеттер туралы баяндады. -2020 жыл бойы аудан аумағында 18 өрт және 36 жану оқиғасы орын алды. Нәтижесінде аталмыш оқиғалардың орын алу себебін анықтау үшін құжаттары аудандық полиция бөліміне жолданып, полиция бөлімімен 10 жеке тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Төтенше жағдайлар бөлімі аталған оқиғаларға себепкер ҚР-ның әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 410-бабы бойынша 4 жеке тұлғаға және жану оқиғалары бойынша 336-бабының негізінде 13 жеке тұлғаға қатысты әкімшілік хаттамалар толтырды,- деді бөлім бастығы өз сөзінде.

Сондай-ақ Серік Қыдырашұлы көктемгі су тасқыны кезіндегі дайындықтың барысын айтып берді. Жиын барысында Азамат Сафималиұлы апаттың айтып келмейтіндігін, сондықтан тәуліктің кез келген уақытында түрлі жағдайларға сақадай сай болу қажеттігін атап өтті.

Өз кезегінде аудандық санитариялық-эпидемиялогиялық бақылау басқармасының басшысы Айгүл Қуатова, аудандық ветеринариялық станциясының директоры Біржан Губашевтың аудандағы санитариялық-эпидемиялогиялық және эпизоотиялық жағдайы туралы баяндамасы тыңдалды. Аудан басшысы Айгүл Жеңісқызынан аудандағы эпидахуалдың жағдайын нақтылау мақсатында сұрақтар қойды. Біржан Ерназарұлына да қаңғыбас иттердің мәселесі төңірегінде сұрақ тастап, тапсырма берді.

Одан әрі, күн тәртібіндегі мәселе бойынша аудан әкімі аппаратының бас инспекторы Мерлан Еркеғұлов 2020 жылғы төртінші тоқсандағы хаттаманың орындалу барысы бойынша хабарлама жасады. Жиынды қорытындылаған комиссия төрағасы берілген тапсырмаларға дер кезінде назар аударып, орындауды тапсырды.

Х. Кәрім,

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале