11.02.2021, 21:36
Оқылды: 41

Оралда «Ауғандағы алау» атты ән байқауы өтті

Бүгін Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы аясында Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылған күніне орай Орал қалалық жастар ресурстық орталығында Орал қаласының жас ән орындаушыларының арасындағы «Ауғандағы алау» атты ән байқауы өтті.

ор3

Қатысушылар патриоттық бағыттағы және отты жылдарды еске салатын әндерді шырқап, өзара бақ сынасты.

Үміткерлерге Ауған соғысының ардагері Ғатау Ғарифоллаұлы, "Ерекше тәуекелді солдаттар" ҚБ облыстық филиалы төрағасы Есім Бектілеуов, мәдениет майталманы Серік Сарғозиевтер қазылық етті.

Шараның тізгінін жастар бастамаларын қолдау бөлімінің басшысы Орынбек Меңдіқұл ұстады.

ор2

- Аталмыш ән байқауы боздақтарды бір минут үнсіздікте еске алумен басталып, байқаудың әлқиссасы ретінде Армат Шакиров "Офицеры" әнін шырқады.

Сайысқа қатысушы талапкерлер жоғары деңгейде өнер көрсетіп, қазылар алқасының көңілінен шыға білді.

Шара барысында байқаудың басты қонағы Радж Ғарифоллаұлы майдандас достары жайлы естелік айтып, жас өрендерді өнегелі әңгімесімен рухтандырды, - дейді Орал қаласының  ақпараттық-талдау және жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының жастар бастамаларын қолдау бөлімінің басшысы Орынбек Меңдіқұл.

ор1

Жас ақын Дәурен Шамұратов болса, боздақтар рухына арнап жүрек жарды өлең жолдарын жолдады. Жастардың патриоттық сезімін оятып, ерлікке толы жылдарды санада жаңғыртқан сайыс қортындысында І орын Мақсат Назеркеге табыс етілсе, ІІ орынды Ернар Адиетов пен Әндір Дидар өзара бөлісті. Ал ІІІ орынды Жақсылық Аяжан мен Сапарғалиева Дильназ иеленді. Байқауға шәкірттер дайындаған тәлімгерлерге де алғыс хаттар табыс етілді.

ор4

Шара соңында Ғатау Ғарифоллаұлына "Ерекше тәуекелді солдаттар" қоғамдық бірлестігінің мерекелік медалі табыс етілді.

 

Ертай Бимұханов,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале