15.02.2021, 16:30
Оқылды: 51

«Жарыққа ұмтылғандар»

Елімізде мүмкіндігі шектеулі жандардың мәселесі түпкілікті шешімін тапты деп айтуға әлі ертерек. Орал қаласында орналасқан облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған кітапханаға барғанда бұған көзіміз жеткендей. Кітапхана орналасқан ғимараттың кейпі сұрықсыз көрінеді. Көптен бері дұрыс жөндеу көрмей келе жатқаны бірден байқалады.

20210215_162715

Ғимараттың даңғарадай көріксіз дәліздеріне терезеден түскен жарты-кеш сәуленің ешқандай әсері жоқ десе де болғандай. Тек тас қабырғаларға ілінген электр шамдары дәліздің айналасына болмашы жарық беріп тұр. Мұның өзі де зағип жанның жанары сияқты түбі жоқ қараңғылыққа тартқандай сезіледі екен.

Мақаланың толық нұсқасын "Орал өңірі" газетінің №13 санынан оқи аласыздар.

Нұрымбек Жапақов,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале