Орал қаласы әкімінің онлайн өткен есептік кездесуінде Зашаған кентінің тұрғыны қала маңындағы «Меловые горки» ауылына қатысты әлеуметтік мәселені көтерді.
– «Меловые горки» ауылында оқушылар саны жыл сайын көбейіп келеді. Соған байланысты мектеп жаңадан салына ма? Ауылішілік жолдар қашан жөнделеді? Күз бен көктемгі уақытта жол ми батпаққа айналады, – деген сауал тастады.
– Қалалық №18 мектеп ғимаратының құрылысына байланысты жобалық-сметалық құжаттама жасақталып, құрылыс басқармасы құрылыс-монтаждау жұмысы бойынша конкурс процедурасын өткізуде. Биыл ғимарат құрылысы басталады. Ал төрт шақырым ауылішілік жолды жөндеу үшін тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі конкурс жариялады, – деп жауап берді Орал қаласының әкімі Абат Шыныбеков.
Нұртай Текебай,
zhaikpress.kz