Биыл ақпанның ақ бораны кәріне мінді. Бірнеше күн қатарынан қалың бұлт қабағын түйіп тұрып алды. Сәрсенбіде аспан шайдай ашылса да, үскірік аяз бет қаратпай тұр. Боран кесірінен аутожолдар қайта-қайта жабылып, көптеген елді мекен электр желісінен ажырап қалды. Бәйтерек ауданындағы Көшім ауылының тұрғындары екі күннен бері электр жарығын көрмегенін хабарлады. Көшім ауылындағы үйлердің жылу қазандықтары электр жүйесіне қосулы екен. Жылу қазандықтары кіреберіс бөлмелерде орналасқандықтан, аяз салдарынан кейбір үйде су құбыры қатып қалып, оны жөндеуге тура келіп отыр. Жыл бойы күн райы күрт бұзылып, жел күшейген кезде электр желісі жиі істен шығады екен.
Мақаланың толық нұсқасын "Орал өңірі" газетінің №16 санынан оқи аласыздар.
Нұртай Текебай,
zhaikpress.kz