25.02.2021, 16:41
Оқылды: 50

 Алғашқы һәм ақырғы аңшылық (әңгіме)

...Сол жылы ерте көктемде өңір басшылығы маған іргелі бір мекеменің тізгінін сеніп тап-сырғандықтан, жаңа қызметке білек сыбана кірісіп, алты ай жазды бел жазбай жұмыспен өткізіп едім. Ең әуелі, кадрларды елеп-екшеп, тамыр-таныстықпен кездейсоқ келіп қалып, ортақ іске жарытымды пайдасы жоқ, құр әншейін кіріп-шығып күн өткізіп жүргендерден арылып, олардың орнына қолынан іс келеді-ау деген  үш-төрт адамды қызметке алдым. Сосын іле-шала жиырма жылға жуық жөндеу көрмеген кеңсені күрделі жөндеуге кірістік.

11AE0F2D-A24C-4082-974A-65C6EA03698C

Мені үшбу қызметке тағайындамақ ниетпен әңгіме-дүкен құрып отырып облыс басшысы:

– Сізге сеніп тапсырғалы отырған мекеме кеңсесінің көптен жөндеу көрмегендігінен хабардармын. Бірақ солай екен деп, облыс бюджетінен ақша бөлінеді-ау деп ойлап қалмаңыз. Тап қазір қазынада қаржы онсыз да тапшы. Сол себепті жөндеу жөнінен менен бір тиын көмек күтпеңіз. Осы өңірде туып-өскен азаматсыз, оның үстіне өз салаңызға қатысты танымал мамансыз. Сондықтан жаңа қызметіңізге шынайы жанашырлықпен кірісіп, жоқтан бар жасап, барды ұқсатып, жаңа мен айтып өткен қадау-қадау міндет-мақсаттарды жүзеге асыру үшін сіз тез арада бір қолдың саласындай, бір атаның баласындай ұйымшыл ұжым қалыптастырады деп сенемін, – деп пысықтаған-ды.

Әңгіменің толық нұсқасын "Орал өңірі" газетінің №16 санынан оқи аласыздар.

Бауыржан Ғұбайдуллин,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале