26.02.2021, 10:23
Оқылды: 75

Кітапханада «Парасат жолы» жобасы филиалының алғашқы жиыны өтті

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі бастамасымен «Парасат жолы» жобасы бастау алғаны белгілі. «Парасат жолы» жобасы – адалдық, парасаттылық, әділеттілік қағидаттарын қалыптастыруға, сондай-ақ ұлттық мәдениет пен руханият құндылықтарын қоғамда ілгерілетуге бағытталған.

 пар2

24 ақпан күні Хамза Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасы базасында рухани танымдық жиын өтті.

Алғашқы сөз кезегін алған кітапхананың жұртшылықпен байланыс және бұқаралық жұмыс бөлімінің басшысы, «Кітапхана саласының үздігі» төсбелгісінің иегері Гүлназ Хамзина шараның маңыздылығын атап өтті.

пар3

Шараға Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын, журналист Мұнайдар Балмолда, Батыс Қазақстан универститетінің орыс филологиясы кафедрасының меңгерушісі, Рhd докторы Айдарбек Ақболатов, Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының Батыс Қазақстан облысы бойынша жастар ісі секторы жетекшісі Бейімбет Дүйсенәлі, Круглозерный жалпы орта білім беретін мектебі директорының орынбасары Ерболат Қабиев қатысып, өзіндік ойларын ортаға салды.

пар4

Шараға облыс, аудан, ауылдық елді мекендердің кітапханашылары «Zoom» платформасы арқылы қосылып отырды.

Рухани танымдық жиынды кітапханашы Эльмира Есқайырова жүргізді.

пар1

Айта кету керек, аталмыш кітапханада «Парасат жолы» жобасы филиалына жауапты маман бекітіліп, елімізге, өңірге танымал тұлғалардан тұратын жоба филиалының құрамы жасақталды.

 

Ертай Бимұханов,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале